📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
МЕКТЕП ФОРМАСЫН САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына және мектептің Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес барлық білім алушылар мектеп формасын сақтауға міндетті.
Мектеп формасына қойылатын талаптар
Ұл балаларға:
- классикалық үлгідегі қара-көк түсті пиджак; жилет;
- ақ түсті жейде;
- қара-көк классикалық шалбар;
- галстук;
- салқын мезгілде – трикотажды жилет немесе кардиган.
Қыз балаларға:
- классикалық үлгідегі қара-көк түсті пиджак;
- жилет;
- юбка немесе классикалық шалбар;
- ақ түсті жейде;
- сарафан (қажет болған жағдайда);
- салқын мезгілде – трикотажды жилет, кардиган
❗ Назар аударыңыз! ✅ Мектеп формасы классикалық стильде, бірыңғай түсті болуы тиіс. ✅ Киім ұқыпты, таза және үтіктелген болуы қажет. ❌ Діни конфессияларға қатысты киім элементтерін мектеп формасына қосуға болмайды. ❌ Спорттық киіммен, джинсы шалбармен, ашық түсті немесе мектеп талабына сәйкес келмейтін киіммен сабаққа келуге рұқсат етілмейді.
👨👩👧👦 Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес ата-аналар: мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындауға; мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге; баласының сабаққа мектеп формасымен келуіне жауапты.
Біркелкі мектеп формасы – тәртіптің, теңдіктің және ұйымшылдықтың белгісі.
«Тәртіпті ұрпақ – жарқын болашақ!»
